China Mining 2026: Қазақстанның қатысуымен өткен маңызды оқиғалар 🇰🇿
Тяньцзинь қаласында Қазақстан павильонының ресми ашылуы өтті. Павильонда еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері мен минералдық-шикізаттық әлеуеті таныстырылды.
Көрме аясында мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің және халықаралық инвесторлардың басын қосқан Kazakhstan Day өтті.
Маңызды оқиғалардың бірі — AMG мен Zijin компанияларының алтын және маңызды минералдар саласындағы стратегиялық ынтымақтастығын кеңейтуі болды.