КЕРІ ҚОҢЫРАУ
+7 7172 72 99 33
Қазақстанда CRIRSCO стандарттарын енгізу мәселелері Үкіметте талқыланды

CRIRSCO-Австралия, АҚШ, Канада, Ресей, Үндістан, Түркия, Жаңа Зеландия сияқты елдердің, сондай-ақ Африканың, Еуропаның (23 Ел), Оңтүстік Американың және Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір мемлекеттерінің қатты пайдалы қазбалар қоры бойынша жария есеп беру кодекстерін біріктіретін халықаралық комитет. 

KAZRC Қазақстандық кодексі CRIRSCO отбасына 2016 жылы қабылданды, ал ҚР-да халықаралық стандарттар 2024 жылдан бастап күшіне енуі тиіс. Бұл геологиялық барлауға шетелдік инвестицияларды тартуға және тұтастай алғанда осы салаға елеулі серпін береді деп күтілуде.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр жаңа кен орындары бойынша белгіленген мерзімде CRIRSCO (KazRC) стандарттарына көшуді қамтамасыз етуді және сонымен қатар игеріліп жатқан кен орындары үшін ҚР пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін сақтауды тапсырды.

Бұл ретте, сондай-ақ KAZRC стандарттары бойынша есептерді құрайтын Құзыретті тұлғалар үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін жауапкершілікті және осындай есептерге қойылатын ең төменгі талаптарды көздеу тапсырылды. Мұндай тәсіл қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезінде мемлекет пен жеке бизнестің мүдделерін ескеруге мүмкіндік береді.

Другие новости