Aurora компаниясының геологиялық қызметінің негізгі бағыттарының бірі – тарихи деректер негізінде клиенттер үшін рудалы пайдалы қазбалар кен орындарын анықтауды мақсат ете отырып, лицензия алуға перспективалы учаскелерді бөліп көрсету. 2024 жылғы қазанда Aurora Ақтөбе облысындағы өз күштерімен бөлінген бір учаскеде дала тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарын сәтті өткізді.
Жүргізілген жұмыстардың аралық мақсаты – рудалы денелерден геохимиялық сигнал алудың мүмкіндігін бағалау, ол үшін ерекше ландшафттық жағдайда топырақты сынамалау арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Бұл мақсатта учаскеде екінші реттік шашырау ореолдары бойынша литохимиялық түсірілім жүргізілді.
Жұмыстар кезінде тау жыныстарының табиғи шығулары мен элювиалды-делювиалды шашырау аймақтары бойынша сынамалар алынды. Жиналған топырақ және тас материалдарының сынамалары заманауи аналитикалық әдістермен зерттелетін болады.
Далалық жұмыстар нәтижелерінің камералды өңдеуі нәтижесінде элементтердің екінші реттік шашырау ореолдарының карталары жасалып, ерекше ландшафттық-геологиялық жағдайда литохимиялық түсірілімді кеңірек аудандарда қолдану тиімділігі туралы қорытынды жасалады.
Жұмыстар оң нәтиже берген жағдайда, сынамалар алу жиілігін арттыру үшін учаскелер бөлініп, іздеу қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларының орны анықталады, ал болашақ геохимиялық жұмыстар контуры екінші реттік шашырау ореолдары бойынша айтарлықтай кеңейтіледі.
#Пайдалы ҚазбалардыБарлау #Aurora #Геология #минералдар