Спасибо ваша заявка принята

Брагина Марина
m.bragina@aurora.kz
Ресурстық геолог
Брагина Марина

ӨМІРБАЯНЫ

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Геология және пайдалы қазбаларды барлау» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы жобалау жұмыстарын өткізу барысында геолог ретінде, сондай-ақ KAZZINC тау-кен өндіруші кәсіпорындар аумақтарындағы жер қойнауының жай-күйіне экологиялық мониторинг жүргізу кезінде бастады.

2016 жылдан 2018 жылға дейін «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ компаниялар тобында Геолог және Геология департаментінің менеджері болып жұмыс істеді, мыс, алтын, қорғасын және мырыш геологиялық барлау жобаларын басқаруға және әзірлеуге қатысты. Micromine тау-кен геологиялық ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша негізгі және тереңдетілген курсты аяқтағаннан кейін, мыс және алтын кен орындарының минералдық ресурстарын қаңқалы және блокты модельдеу арқылы бағалаумен айналысты.

2018 жылдан 2021 жылға дейін «Тау-Кен Самұрық» ҰМК» АҚ Жобалық кеңсесінің Жетекші ресурстық геологы қызметін атқарды. Ол жобалардың геологиялық сараптамасы, мыс, алтын, вольфрам, полиметалл, тамырлы кварц кен орындарының минералдық ресурстарын бағалау және аудитімен айналысты. Халықаралық JORC кодексіне сәйкес Алайғыр қорғасын-күміс, Шалқия қорғасын-мырыш кен орындарын геологиялық қамтамасыз ету, ресурстары мен қорларын бағалауға қатысты.

Оның тау-кен жобаларын жүзеге асыруда 10 жылдық тәжірибесі және басым металдардың минералдық ресурстарды бағалауда 5 жылдан астам тәжірибесі бар. 2021 жылдың тамыз айынан бастап ол Aurora Minerals Group тобына қосылды.