Спасибо ваша заявка принята
Қазақстан, Көкшетау қаласында дүниеге келген.
Семей геологиялық барлау колледжінде «Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау» мамандығы бойынша, сондай-ақ Серго Орджоникидзе атындағы Ресей мемлекеттік геологиялық барлау университетінде (МГРИ-РМГБУ) білім алған.
2015-2017 жж «Қазгеология» АҚ-да Геолог болып жұмыс істеді. «Қарағанды облысында сирек жер металдарын іздеу бойынша ГГИН жүргізу жобасын» әзірлеуге қатысты, «1: 200000 масштабын божалды ресурстарды бағалаумен қоса терең геологиялық карталау, Алматы облысы» жобасы бойынша геологиялық есептің бірлескен авторы болып табылады.
2017 жылдан 2019 жылға дейін «Аметистовое» АҚ («Камчатка Алтыны» АҚ), Ресей Федерациясы, Камчатка өлкесінде геологиялық барлау жұмыстарының аймақтық геологы, ал кейіннен геологиялықбарлау жұмыстарының жетекші геологы лауазымдарын атқарды.
2019 жылдың ақпан айынан бастап ол Aurora Minerals Group командасына қосылды.