Спасибо ваша заявка принята

Артқа
Андрей Овчинников
a.ovchinnikov@aurora.kz
Бас Операциялық Директор
Андрей Овчинников
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келді. 2005 жылы М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Ұлттық университетінің «Органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы» мамандығын бітірді. 2005 жылы мұнай-геология саласындағы ЖШС ҒӨФ «ДАҢҚ» фирмасында геофизик-жұмысшы ретінде өзінің өндірістік қызметін бастады. Одан әрі, 2007-2016 жылдар аралығында, осы аталған фирмада бас инженер болып жұмысын жалғастырды. 2016 жылы ҚАҚ Геотек Астрахань компаниясында, сейсмостанция операторы қызметінде үш жыл көлемінде жұмысын жасады. Кейін 2019 жылы ҚАҚ Геотек Ухта компаниясына техникалық жетекші қызметіне ауыстырылды, және бұл компанияда 2021 жылға дейін өз жұмысын белсенді атқарды. Жазғы маусым аралығында, ауа-райының үзіліс кезеңдеріне байланысты, жаңа бағытта, кен геофизика саласына жұмысқа кірісті. Нақты атқанда магнитобарлау, электробарлау саласында топ жетекшісі болып ЖШС KG Gold Mining (Қырғызстан) және ЖШС Геотехконсалтинг (РФ, Хабаровск) компанияларында жұмысын жалғастырды. 2021-2023 жылдар аралығында ЖК Aurora AG ltd компаниясында техникалық жетекші ретінде жұмысын атқарды. 2024 жылдан бастап Aurora Limited компаниялар тобының операциялық директор қызметін жалғастыруда. «Пайдалы қазбаларды геоэлектрлік барлау жүйесі мен әдісі» патентінің авторы.