Спасибо ваша заявка принята

Артқа

Aurora Geophysics Ltd қазақстандық геофизикалық компания болып табылады, Aurora Minerals Group компаниялыр тобының құрамына кіреді және жер үсті және әуедегі геофизикалық зерттеу, ұңғымаларды геофизикалық зерттеу, геофизикалық деректерді өңдеуді және интерпретациялауды қоса алғанда, геофизикалық қызметтердің кең спектрін ұсынады және озық технологиялар трансфертіне маманданған. Біздің компания ұсынылатын қызметтердің нәтижелігіне, сапасына және тиімділігіне ерекше көңіл бөледі, бұл өз кезегінде бүкіл геологиялық барлау процесін оңтайландыруға әкеледі.

Әуе геофизикалық зерттеулер
Толығырақ
Жер үсті электрлік барлау
Толығырақ
Жер үсті магниттік барлау
Толығырақ
Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу
Толығырақ
Деректерді өңдеу және күрделі интерпретациялау
Толығырақ
Топогеодезиялық жұмыстар
Толығырақ
Жобалар картасы

Ақтөбе облысы

AMG "Кен Қазына" ЖШС үшін өтпелі процестердің электромагниттік әдісімен Ақтөбе облысында 1541 сыз.км. аэрогеофизикалық түсірілімін сәтті орындады.


Қарағанды облысы

"Балқаш-Сарышаған" ЖШС (Rio Tinto еншілес компаниясы) үшін Қазақстан Республикасының Қарағанды облысында мыс-порфирлі кендерді барлауға арналған келісімшарт бойынша AMG 26 250 сыз.км. аэромагниттік және аэрогаммаспектрометриялық түсірілімін сәтті орындады.

"Бирюк Алтын" ЖШС (Ordabasy Group) үшін Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының аэрогеофизикалық зерттеулері жобасының шеңберінде АMG 318 сыз.км. SkyTЕМ тікұшақтық аэрогеофизикалық түсірілімін өтпелі процесстердің электромагниттік әдісімен сәтті орындады.


Алматы облысы

AMG Алматы облысында "АГП "Іздестіру-түсіру экспедициясы" ЖШС үшін 1471 қума километр өтпелі электромагниттік әдісімен тікұшақ аэрогеофизикалық түсірілімін сәтті орындады.


Солтүстік-Қазақстан облысы

AMG 9 900 сыз. км. аэромагниттік және аэрогаммаспектрометриялық түсірілімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысында "Володаровское PRP" ЖШС үшін өтпелі процестердің электромагниттік әдісімен 2 700 сыз.км. аса SkyTEM тікұшақтық аэрогеофизикалық түсірілімін сәтті орындады


Шығыс Қазақстан облысы

Aurora Geophysics Ltd SkyTEM компаниясымен бірлесіп бүкіл Қазақстан бойынша 14 000 қума километрден астам тікұшақтық аэрогеофизикалық зерттеулер өткізді. Оның ішінде 8 000 қума километр 2019 жылы Рудный Алтайдағы Қазмырыш/Glencore жобасы аясында орындалды.

Біздің серіктестер