11 қыркүйекте Тяньцзинь қаласында өткен China Mining 2026 халықаралық конференциясы аясында «Kazakhstan Mining: From Resources to Value Creation» — «Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі: ресурстардан құн жасауға дейін» тақырыбында Kazakhstan Day өтті.
Іс-шара Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары, тау-кен компаниялары, инвесторлары мен салалық сарапшыларын біріктіріп, минералдық-шикізат базасын дамыту, геологиялық барлау және инвестициялық мүмкіндіктерді талқылауға арналған іскерлік диалог алаңына айналды.
Ашылу сессиясына Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нагаспаев және Қазақстанның Тау-кен палатасының Президенті Руслан Баймышев қатысты. Сондай-ақ өз тәжірибесі мен көзқарастарын RG Gold компаниясының CEO-сы Li Kaiwen, AMG Ltd. компаниясының негізін қалаушы Саид Сұлтанов және Haller Lomax серіктесі Тимур Одилов ұсынды.
Инвестициялық сессия барысында Aurora Group компаниясының Chief Geologist-і Улан Нурханұлы Globmine, Teniz және Kemir жобаларын таныстырып, алтын және мыс бағыттарындағы жобаларды одан әрі дамыту мүмкіндіктеріне тоқталды.
Тау-кен өнеркәсібі Қазақстанның индустриялық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Осы тұрғыда Kazakhstan Day Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған практикалық алаңға айналды. Талқылаулар геологиялық барлау мен инвестициялық әріптестіктен бастап технологиялар мен қосылған құнды қалыптастыруға дейінгі бағыттарды қамтыды.
Kazakhstan Day іс-шарасын ұйымдастырған Kazakhstan Chamber of Mines ұйымына және барлық қатысушыларға мазмұнды диалог пен Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға берілген мүмкіндік үшін алғыс білдіреміз. Осындай алаңдар жаңа жобаларды іске асыруға, ынтымақтастықты тереңдетуге және ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға берік негіз қалыптастырады деп сенеміз.