Қазақстан China Mining 2026 көрмесінде

Бүгін China Mining 2026 халықаралық көрмесі аясында Қазақстан Республикасының ұлттық павильонының ресми ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен Қытай Халық Республикасының Табиғи ресурстар министрі Лю Гохун қатысты.

Іс-шара Қазақстан мен Қытай арасындағы тау-кен өнеркәсібі, геологиялық барлау және минералдық-шикізат секторына инвестициялар тарту салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы маңызды қадам болды.

Биылғы көрмеге қатысу Aurora Group үшін ерекше мәнге ие. Компания өткен жылы көрмеге қатысушы ретінде қатысса, биыл Қазақстан павильонының ұйымдастырушысы әрі демеушісі ретінде қатысып, халықаралық серіктестік пен инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға деген ұстанымын тағы бір мәрте растады.

Геологиялық барлауды дамыту және перспективалы жобаларға инвестициялар тарту Aurora қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Компания халықаралық салалық платформаларға қатысу арқылы Қазақстанның геологиялық әлеуетін таныстырып, жоба иелері, инвесторлар және стратегиялық серіктестер арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.

Қазақстан павильонын ұйымдастырған Kazakhstan Chamber of Mines, сондай-ақ демеушілік қолдау көрсеткен Zijin Mining Group және RG Gold компанияларына алғысымызды білдіреміз.

Ертең көрме аясындағы іскерлік бағдарлама шеңберінде Kazakhstan Day өтеді. Онда саланың жетекші өкілдері, инвесторлар мен серіктестер Қазақстанның тау-кен секторының әлеуетін, инвестициялық мүмкіндіктерін және перспективалы геологиялық барлау жобаларын талқылайды.

Aurora Group Қазақстан мен Қытай арасындағы кәсіби және инвестициялық байланыстарды дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырып келеді.